05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №258 

259 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 шілде,Астана қаласы «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Д.БОЛАТХАНҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі №258 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі. 2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдартізімі: 1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы; 2) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету. 4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада қөрсетілген. «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері: № р/с Норманың/ нормативтің атауы Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акт Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаты Норманың/ нормативтің мөлшері 1. Спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бюджет қаражаты есебінен Үшінші топтағы мегедектер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік 2. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер(дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген). 7 жасқа дейінгі балалар Тегін Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар Тегін Балалар үйлерінен оқушы-балалар Тегін Спорт ардагерлері Тегін Оқушылар Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік Студенттер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік Зейнеткерлер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11963 болып енгізілді.